Балқаш және Қарағанды санэпидемиологтары белгілі демалыс аймақтарының бірінде болған жаппай улану жағдайларын тергеуді бастады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ekaraganda.kz сілтеме жасап.
Ауруханада 18 адам емделіп жатыр,барлығы 29 адам көмекке жүгінді. Бұған дейін Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасында 14 жәбірленуші туралы хабарланған болатын. Басылымның мәліметінше,көмекке жүгінгендерде дене қызуы көтеріліп,диареядан зардап шегеді. Қарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде эпидемияға қарсы іс-шаралар басталғаны туралы жауап берілді.
"Балқаш қаласының отбасылық пансионатының демалушылары арасында жіті ішек инфекциясын тіркеуге қатысты түсіндіреміз: 16 тамызда жіті ішек инфекциясына күдікті 29 адам медициналық көмекке жүгінді,оның ішінде 18 науқас стационарлық ем қабылдап жатыр",- деп хабарлайды санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.
Ведомствода Балқаш қалалық санэпидбақылау басқармасының мамандары эпидемияға қарсы іс-шараларды бастағанын,оқиға орнына шығу ұйымдастырылғанын,оның ішінде науқастарға сауалнама жүргізілгенін хабарлады.
"Қарағанды облысының санэпидбақылау департаменті қызметкерлерінің арасынан бригада құрылып,Балқашқа жолға шықты. Зертханалық зерттеулер мен тергеу басталды. Материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін Балқаш полиция бөліміне берілді",- деп хабарлайды басылым.