Солтүстік Қазақстан облысында жүргізуші куәлігі жоқ 18 жастағы жасөспірім 16 жастағы велосипедшіні қағып кетті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша,Мағжан Жұмабаев аудандық полиция бөліміне "Шкода Рапид" көлігін тізгіндеген 18 жастағы жасөспірім 16 жастағы велосипедшіні қағып кеткені туралы хабарлама түскен.
"Ол алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. Бұл факті бойынша "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Көлік мамандандырылған тұраққа қойылды",- делінген хабарламада.