Қарағанды облысының әкімдігі құм-қиыршық тас қоспасын өндіруге арналған келісімшартты біржақты тәртіппен бұзды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
"Қарағанды облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының қызметіне талдау жүргізді. Әкімдік пен компаниялардың бірі арасында Бұқар Жырау ауданында құм-қиыршық тас қоспасын өндіруге келісімшарт жасалғаны белгілі болды. Алайда кейінірек әкімдік бұл келісімшартты біржақты тәртіппен бұзды",- делінген прокуратураның хабарламасында.
Кәсіпкер екі жыл бойы жергілікті биліктің бұл шешімін жоюға тырысты. Ақырында,қадағалау органы әкімдіктің әрекеттерінің заңсыздығы туралы қорытындыға келді. Прокурорлардың мәліметінше,шартты бұзудың заңмен белгіленген рәсімдері сақталмаған.
Прокуратура әкімдіктің заңсыз әрекеттеріне наразылық білдірді,іс қанағаттандырылды. Нәтижесінде келісімшартты тоқтату туралы бұйрық жойылып,кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді.