Білім

Бұршақ және қатты ыстық: алдағы үш күн бойыАстана мен Алматыдағы ауа райы

Aug 15, 2024 IDOPRESS
Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілш

Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы ауа райы болжамы

15 тамызда Астанада көшпелі бұлт күтіледі,таңертең және түстен кейін жаңбыр жауып,найзағай соғады,күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады,түнде секундына 3-8 метр,күндіз 9-14,екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 11-13,күндіз 23-25 жылы.

16 тамызда көшпелі бұлт,кейде жаңбыр жауады,күндіз бұршақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады 9-14,күндіз 21-23 жылы.

17 тамызда көшпелі бұлт,кейде жаңбыр,найзағай,күндіз 21-23 жылы.

Алматыда ауа райы болжамы

15 тамызда Алматыда көшпелі бұлт,күндіз қысқа жаңбыр жауып,найзағай соғады. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады 3-8,найзағай кезінде екпіні секундына 18 метр. Ауа температурасы түнде 24-26,күндіз қатты ыстық 34-36 градус.

16 тамыз көшпелі бұлт,күндіз қысқа жаңбыр жауады,найзағай соғады. Солтүстік-батыстан жел соғады 3-8,найзағай кезінде екпіні секундына 18 метр. Түнде ауа температурасы 24-26,күндіз қатты ыстық 33-35 градус.

17 тамыз көшпелі бұлт,күндіз қысқа жаңбыр,найзағай соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады 3-8,найзағай кезінде екпіні секундына 18 метр. Ауа температурасы түнде 22-24,күндіз қатты ыстық 33-35 градус.