Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияда болған жер сілкінісіне байланысты жапон халқына сабыр тілеп,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өз кезегінде Фумио Кишида Қазақстанға ресми сапарын,соның ішінде "Орталық Азия + Жапония" Диалогының бірінші саммитіне қатысуын амалсыздан кейінге шегергенін өкінішпен жеткізді.
Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фумио Кишида қазақ-жапон қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылап,өңіраралық ықпалдастық мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Еске салайық,Жапония премьер-министрі Фумио Кишида Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9-10 тамызда Қазақстанға сапармен келуді жоспарлаған болатын. Алайда Жапония премьер-министрі бір күн бұрын Жапонияда болған жер сілкінісіне байланысты Қазақстанға келмейтін болды.