Бүгін елорда тұрғындары мен қонақтары аспанында ұшып жүрген әскери ұшақтарды байқады. Оларға қатысты Мемлекеттік күзет қызметі (МКҚ) пікір білдірді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде астаналықтар әскери ұшақтардың видеоларын бөлісіп жатыр. МКҚ баспасөз қызметі мәліметінше,бұл Су-30СМ истребительдері. Ұшақтар қоғамдық және саяси оқиғаларға байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
"Қоғамдық-саяси іс-шараларды өткізуге байланысты 7-10 тамыз аралығында қаланың жекелеген көшелері бойынша көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі",- деп толықтырды МКҚ.