Жапония премьер-министрі Фумио Кишида жер сілкінісіне салдарынан Қазақстанға келмеуі мүмкін,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NTV-ке сілтеме жасап.
Бұған дейін Жапонияның метеорологиялық агенттігі Кюсю аралының оңтүстік бөлігіндегі жер сілкіністерінен кейін Жапонияның Тынық мұхиты жағалауындағы Нанкай жарығында тағы бір жойқын жер сілкінісі болу ықтималдығы жоғары екенін ескерткен.
8 тамызда Астана уақытымен сағат 12:42-де магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпу ошағы Жапонияның Кюсю аралының оңтүстік бөлігінде,Миядзаки қаласынан солтүстік-батысқа қарай 14 шақырым жерде орналасқан.
Еске салайық,Жапония премьер-министрі Фумио Кишида Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9-10 тамызда Қазақстанға сапармен келуді жоспарлаған болатын.
9 тамызда Астанада "Орталық Азия + Жапония" диалогының бірінші саммиті өтеді.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жапония премьер-министрі Фумио Кишида арасындағы екіжақты келіссөздер 10 тамызға жоспарланған",- деп хабарлады Ақорда.