Жапония премьер-министрі Фумио Кишида Қазақстанға ресми сапармен келеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9-10 тамыз күндері Жапония премьер-министрі Фумио Кишида Қазақстанға ресми сапармен келеді.
9 тамызда Астана қаласында "Орталық Азия + Жапония" Диалогының бірінші саммиті өтеді.
10 тамызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жапония премьер-министрі Фумио Кишида екіжақты келіссөздер жүргізеді деп жоспарланып отыр.