Премьер-министр Олжас Бектенов қала сыртындағы жолдарда ұялы байланыстың нашарлығы мәселесін көтерді. Ол жол апаты жағдайында зардап шегушіде көмекке шақыру мүмкіндігі де болмайтынын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Атап айтқанда,премьер-министр Қарағанды-Алматы тасжолын атап өтті.
"Қала маңындағы жолдардың тағы бір проблемасы - ұялы байланыстың нашарлығы. Мысалы,Қарағанды - Алматы тасжолы үш облыстың аумағы бойынша - жалпы ұзындығы 500 шақырым учаскеде ұялы байланыс жоқ. Жол-көлік оқиғасы болған жағдайда зардап шегушінің жедел жәрдем қызметін шақыруға мүмкіндігі жоқ. Цифрландыру министрлігі автожолды мобильді байланыспен қамтуды жеделдетуі қажет",- деді Бектенов Үкімет отырысы барысында.
Сондай-ақ,жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігін бақылайтын бейнекамералар мен басқа да құралдар жеткіліксіз,"кейбір жерлерде олар жұмыс істемей тұр",деп қосты премьер-министр.