ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жаннат Дүбирова eGov қосымшасындағы жаңа қызмет туралы айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Биыл мамырда "Қазреестр" жүйесінде электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе "eGov Mobile" қосымшасында QR кодын пайдалана отырып,электрондық үлестік қатысу шарттарын жасасуға арналған жаңа функция іске қосылды",- деді өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жаннат Дүбирова.
Вице-министрдің айтуынша,енді үлестік қатысу шарты жасалғаннан кейін тек онлайн форматта ғана емес,әзірлеушіде акционерлердің ақшасын тартуға рұқсаты бар-жоғын білуге болады,бұл болашақта нысандардың қатып қалу қаупін азайтады. Қызмет көрсету уақыты 1 жұмыс күніне дейін қысқартылды.
"Сондай-ақ,"Қазреестр" жүйесі бүкіл ел бойынша үлестік қатысу келісімдерінің орталықтандырылған есебін жүргізуге және үлескерлердің қауіпсіздігіне оң әсер ететін үлестік нысандар құрылысының барысына мониторингті шоғырландыруға мүмкіндік береді".
"Қазреестрде" 800-ден астам үлестік құрылыс нысандары туралы ақпарат бар және 100-ден астам құрылыс ұйымдары тіркелгенін ескерген жөн.
"Азаматтарды үлестік қатысу шарты бойынша тұрғын үй сатып алу кезінде үлестік қатысу шарттарын тіркеу функционалдығын пайдалануға шақырамын",- деді Жаннат Дүбирова.