Білім

Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы мөлшері аталды

Jul 25, 2024 IDOPRESS
БЖЗҚ қазақстандықтардың 1 шілдедегі зейнетақы жинақтары бойынша деректерді жариялады. Соның ішінде Қазақст

БЖЗҚ қазақстандықтардың 1 шілдедегі зейнетақы жинақтары бойынша деректерді жариялады. Соның ішінде Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы мөлшері аталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

БЖЗҚ қазақстандықтардың 1 шілдедегі зейнетақы жинақтары бойынша деректерді жариялады. Соның ішінде Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы мөлшері аталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 шілдедегі жағдай бойынша,салымшылардың (алушылардың) "БЖЗҚ" АҚ-дағы жеке және шартты шоттарында шамамен 20 триллион теңге жинақталды. Жыл басынан бері 1 шілдеге дейін олардың өсімі 2,1 триллион теңгеден (11,8 пайыз) асты. Былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырсақ,зейнетақы жинақтарының көлемі 3,9 триллион теңгеге жуық немесе 24,3 пайыз өскен.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында БЖЗҚ салымшыларының жеке және шартты зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс шамамен 1,21 триллион теңгеге жетті.

"Биылғы 6 айда БЖЗҚ-дан төлемдер түріндегі шығыс ағындары 457,6 миллиард теңгеден асты. Бұл ретте осы соманың негізгі бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) құрайды – ол шамамен 190,4 миллиард теңге,бұл былтырғы көрсеткіштен 2,4 есе жоғары",- делінген хабарламада.

Сондай-ақ,мұрагерлік бойынша төлемдер – 28,6 миллиард теңге,ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 17,9 миллиард теңге,мүгедектігі бар адамдарға төлемдер – 1,5 миллиард теңге,жерлеуге төлемдер - 4,9 миллиард теңге мөлшерінде жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына 117 миллиард теңгеден астам сома аударылған.

"БЖЗҚ-дан кесте бойынша орташа айлық төлем сомасы (зейнет жасына толуына байланысты) 33 883 теңге болса,ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 945 752 теңгеге тең. Еске салайық,былтырғы осы кезеңінде БЖЗҚ-дан кесте бойынша ай сайынғы төлемнің орташа сомасы 32 111 теңге,ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 742 692 теңге болды".