АҚШ президенті Джо Байден президенттік сайлаудан шығатынын мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы мәлімдемесін ол X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.
Байден бұл шешіміне қарамастан,мерзімнің аяғына дейін президент болып қала беретінін түсіндірді.
Бұған қоса,ол келесі аптада америкалықтарға үндеу жасайтынын айтты.