Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президентімен телефон арқылы сөйлесті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Иран Ислам Республикасының жаңадан сайланған Президенті Масуд Пезешкианды жеңісімен құттықтап,жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Әңгімелесу барысында екі ел басшылары қазақ-иран қатынастарын одан әрі нығайтуға өзара ниетті екенін растады. Тараптар сауда-экономикалық,көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.
Сондай-ақ,өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.