Білім

ҰҚК қазақстандықтарға үндеу жасады

Jul 18, 2024 IDOPRESS
Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақстандықтарға алаяқтар туралы ескертті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақстандықтарға алаяқтар туралы ескертті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақстандықтарға алаяқтар туралы ескертті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта алаяқтық әрекет деректері жиілеп кеткен. Қаскөйлер күштік құрылымдар,соның ішінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшыларының атынан азаматтарға хат жолдауға көшкен.

"Алаяқтар атап айтқанда,телефон қоңырауы немесе өздерінің мүддесі үшін қаржылық және басқа операцияларды жүргізу туралы өтініштері немесе талаптары бар мәтіндік хабарламалар жібереді. Бұл ретте азаматтарға олардың атына қылмыстық мақсатта пайдаланылған ақшалай несие ресімделгені тәрізді,сондай-ақ қылмыстық жауаптылыққа тартылатыны жайлы қорқыту хабарлама келеді.

ҰҚК символикасы бар арнайы дайындалған құжаттардың файлдары жиі жіберіледі (қызметтік куәлік,хаттар мен бұйрықтардың фирмалық бланкілері)",- делінген хабарламада.

Еске салайық,ҰҚК қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде азаматтарға қандай да бір қаржылық операциялар жүргізуді ұсынуға өкілеті жоқ.

"Егер сіз немесе танысыңыз осындай жағдайға тап болса,тез арада әңгімені/хат жазысуды тоқтатуы және 102 телефоны бойынша полицияға жүгінуі тиіс".