Домбыра күнінде пойыздағы жолаушыларды құттықтаған жас таланттар жұртты тәнті етті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚТЖ баспасөз қызметі мәліметінше,талантты жас домбырашылар Екібастұз - Алматы бағытындағы №31 пойызының жолаушыларын өнерімен таңғалдырған.
Балалар Екібастұз қаласындағы "Тұмар" ансамблінің мүшелері,мереке күндері олар Алматы қаласына музыкалық конкурсқа қатысу үшін бет алған.
"Домбыра күнімен тұспа-тұс келген сапарда жас таланттар қазақстандықтарды қазақ мәдениетінің және ұлттық бірегейліктің ең маңызды символының мерекесімен құттықтауды шешті",- деп жазылған ҚТЖ хабарламасында.
Айта кетейік,Домбыра күні 2018 жылғы 13 маусымда белгіленіп,шілденің бірінші жексенбісінде атап өтіледі.