Білім

Жеңілдетілген баспана және салық шегерімдері: министр жаңа заң туралы

Jul 4, 2024 IDOPRESS
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған \"Ғылым ж

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған "Ғылым және технологиялық саясат туралы" заңға қатысты пікір білдірді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған "Ғылым және технологиялық саясат туралы" заңға қатысты пікір білдірді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл құжат ғылымды дамытуға және технологиялық саясатты іске асыруға,елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін ғылыми жетістіктердің нәтижелерін енгізуге,сондай-ақ ғылыми қызметтің стратегиялық,кәсіби және әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған",- деді ғылым министрлігінің басшысы.

Оның айтуынша,жаңа заң ғылыми саланы цифрлық экономиканың толыққанды сегментіне айналдыруға көмектеседі.

"Ғалымдарды ынталандыру мақсатында жас ғалымдар үшін жеңілдікті тұрғын үй сатып алу құқығы енгізіліп жатыр. Сондай-ақ,заң шеңберінде Салық кодексінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілеріне ғылыми-зерттеу,ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар бойынша салықтық жеңілдіктер мен салық шегерімдерін беру бойынша мемлекеттік ынталандыру шаралары көзделген. 50 пайыз көлемінде салық шегерімдері қарастырылған",- деп жазды Саясат Нұрбек.

Оның айтуынша,Ғылым қорының Технологияларды коммерцияландыру жөніндегі ұлттық агенттік ретіндегі мәртебесі де кеңейтілген. Ол ғылым және технологиялар саласындағы бағдарламалар бойынша бірыңғай терезеге айналады және инновациялық инфрақұрылымды қолдауды жүзеге асырады,сондай-ақ венчурлік қаржыландыруды тартады.