Астанада 3 шілдеде отшашу атылады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше,Елорда күні мен ШЫҰ саммитін өткізу қарсаңында,3 шілдеде ботаникалық бақта салют атылады. Шараның болжамды уақыты сағат 22:00-ден 22:30-ға дейін.
"Техникалық дайындық мақсатында 3 шілдеде сағат 19:00-ден бастап Ботатинкалық бақ аумағы ішінара жабылады. Бұл қоршау азаматтардың қауіпсіздігі үшін техникалық аймақ бөлімшесі үшін қажет. Отшашуды іргелес аумақтардан,соның ішінде "Ұлытау" скверінің аумағынан байқауға болады",- делінген хабарламада.