Уақыт белдеуіне қатысты талқылау кейінге қалдырылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
28 маусымға жоспарланған уақыт белдеуіне қатысты петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының екінші отырысы автордың өтінішімен шегерілді.
"Келесі отырыстың өтетін күні мен уақыты туралы хабарлама петиция авторына 25 маусымда,белгіленген күннен үш жұмыс күні бұрын электрон пошта арқылы және WhatsApp мессенджері арқылы жіберілді. 26 маусымда өтініш иелері жұмыс тобының отырысын кейінге қалдыру туралы хат жіберді. Осыған байланысты 28 маусымға жоспарланған отырыс кейінге қалдырылды. Келесі отырыстың күні кейінірек хабарланады",- деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік,жұмыс тобының бірінші отырысы 21 маусымда өтті.