Астанада Мәңгілік Ел даңғылының бір бөлігі жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.
"Астана Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ Мәңгілік Ел даңғылы бойынша Хусейн бен Талал көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде жол төсеміне жөндеу жұмыстары жүргізілетіні туралы хабарлайды.
"Осыған байланысты,28-30 маусымы аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады. Астана тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуіне түсінікпен қарауды сұраймыз",- делінген хабарламада.