Білім

Таразда жекеменшік балабақша басшысы ірі көлемде қаражат жымқырғаны үшін сотталды

Jun 28, 2024 IDOPRESS
Жамбыл облысында жекеменшік балабақша басшысы ірі көлемде қаражат жымқырғаны үшін сотталды,- деп хабарлайды

Жамбыл облысында жекеменшік балабақша басшысы ірі көлемде қаражат жымқырғаны үшін сотталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Жамбыл облысында жекеменшік балабақша басшысы ірі көлемде қаражат жымқырғаны үшін сотталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Тараз прокуратурасы "РозАль" орталығы" жеке балабақшасы басшылығымен мектепке дейінгі ұйымдарды жан басына шаққандағы қаржыландыру аясында бөлінген 12 миллион теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтаған.

"Балабақша басшысы іс жүзінде тәрбиеленбеген балалар үшін бюджет қаражаттарын алған.

Алаяқтық дерегі бойынша қала прокуратурасымен қылмыстық іс тіркеліп,оны тергелуі Жамбыл облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды",- делінген хабарламада.

Тараз №2 сотының 14 маусымдағы үкімі бойынша,балабақша басшысы тәрбие/оқыту қызметін көрсететін кез келген меншік нысанындағы ұйымдар мен мекемелерде қаржымен байланысты материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 3 жылға айыра отырып,4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталған.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.