Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев әлеуметтік желіде пайда болған Қонаевтағы атыс туралы ақпаратқа пікір білдірді. Онда бір адам қаза тапқаны айтылған,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қожаевтың айтуынша,бүгін таңертең екі адам оқ жарақаты белгілерімен Қонаевтағы ауруханаға жеткізілген.
"Өкінішке қарай,бір адам қаза болған. Аталған дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қақтығысқа қатысушылардың барлығы анықталды,қазір оларды ұстау шаралары жүргізіліп жатыр",- деп түсіндірді министрдің орынбасары.
Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы не 27 маусымға қараған түні Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасына 2000 жылы туған ер адам оқ жарақатымен түскені хабарланды. Жәбірленушіге шұғыл операция жасалған.
"Қазіргі уақытта науқас жансақтау бөлімінде жатыр,оның денсаулығы аса ауыр деп бағаланып отыр" - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.