Көлік министрлігі мәліметінше,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жолшылар асфальттың жоғарғы қабатын төсеп,жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы тосқауыл қоршауларын орнатып жатыр. Нысанды 2024 жылғы қазанда пайдалануға беру көзделіп отыр.
"Былтыр мамандар Балқаш-Бұрылбайтал күре жолының жалпы ұзындығы 127 шақырымды құрайтын 3 учаскесін пайдалануға тапсырды. Биыл қалған 3 учаске қолданысқа беріледі. Жалпы ұзындығы 81 шақырымды құрайтын Күрті-Бұрылбайтал жолы биыл жазда тапсырылады. Қазір мамандар жол бойында абаттандыру жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар биыл жазда Шамалған бекетінің айналма жолы да қолданысқа берілмек",- делінген хабарламада.