Білім

Астана полициясы "адам ұрлап бара жатқандардың" видеосына қатысты жауап берді

Jun 25, 2024 IDOPRESS
Әлеуметтік желіде Астанада \"ер адамды ұрлап бара жатқандар\" көрсетілген видео тарады. Елордалық Полиция деп

Әлеуметтік желіде Астанада "ер адамды ұрлап бара жатқандар" көрсетілген видео тарады. Елордалық Полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Астанада "ер адамды ұрлап бара жатқандар" көрсетілген видео тарады. Елордалық Полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода екі ер адамның үшіншісін жетектеп,сүйреп бара жатқаны көрінеді. Ол өзін күштеп ұстағандармен қарсыласуға тырысады,бірақ бұдан түк шықпайды. Кейін ер адамды жақын жерде тұрған көліктің артқы орындығына отырғызып,кетіп қалады.

Желі қолданушылары куәгерлер адамды ұрлау сәтін видеоға түсіріп алған деген болжам жасаған. Алайда,Астана Полиция департаменті бұл нұсқаны жоққа шығарды.

"Аталған факт бойынша адамдар анықталды,тексеру жүргізіліп жатыр. Адам ұрлау дерегі расталған жоқ. Астана Полиция департаменті жалған ақпарат таратпауға және ресми дереккөздерге сенуге шақырады",- деді ведомство өкілдері.