Білім

Республикалық олимпиадада жеңіске жеткендер марапатталды – ШҚО

May 7, 2024
Қазақстан тарихы мен құқықтану негіздері пәнінен 10-11 сынып оқушылары арасында өткен республикалық олимпиада өз мәресіне жетті. Өскемен қаласында ұйымдастырылған білім сынына еліміздің түкпір-түкпірінен 180-нен астам оқушы қатысқан, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Екі кезеңде де оқ бойы озық шығып, үздіктер қатарынан көрінгендерге жоғары оқу орындарының гранты табысталды.

Өзге өңірден келген оқушыларды облыс тарихымен таныстыру үшін арнайы бағдарлама әзірленіпті. Олар қаланың көрікті жерлерін аралап, драма театрдан спектакль тамашалады, психологиялық тренингке қатысып, тимбилдинг ұйымдастырылды.

- Балалардың жадында Шығыс Қазақстан жайлы жылы естеліктер қалдыру үшін барынша тырыстық. Оларға ұнағанына сенімдімін. Қаладаға көрікті жерлерді аралатып қана қоймай, облысымыздың туристік жерлер туралы жадынама бердік, - дейді Шығыс Қазақстан облыстың білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышева.

Бүгін «Ертіс Концерт» ғимаратының концерт залында жеңімпазар мен жүлдегерлерге дипломдар мен мақтау қағаздары табысталды.

- Олимпиада оңай болды деп айта алмаймын. Десе де, екі кезеңнен сүрінбей өтіп, үздіктер қатарынан көрінгенімен қуаныштымын. Өзім «Құқықтану» мамандығына түсуді жоспарлап отырғандықтан бұл жолғы сынақ мен үшін өте маңызды болды, - деді қатысушы Қуаныш Мұхамеджан.

Фото: Махаббат Ахметжанова